«Реал» клуб аңызын басшылық қызметке тағайындайды

«Реал» клуб аңызын басшылық қызметке тағайындайды

Мадридтің «Реал» клубы бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроосты клуб құрылымына тарту мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық ақпарат көздеріне сенсек, клуб президенті Флорентино Перес неміс футболшысын команданың басқару жүйесінде көргісі келеді. Ол Кроосты спорттық бағыттағы қызметке лайықты кандидат ретінде бағалап отыр. Алайда әзірге ойыншыға ресми ұсыныс жасалған жоқ.

Тони Кроос «Реал» сапында 2014 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 465 матч өткізіп, 28 гол соғып, 99 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, тәжірибелі жартылай қорғаушы 2024 жылдың мамыр айында кәсіби футболшы мансабына нүкте қойғанын жариялаған еді.

Килиан Мбаппе жаттығуға оралды

«Бавария» Мадридте «Реалды» жеңді

Мбаппе тағы бір тарихи көрсеткішке жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или