«Реал» жұлдызы жаттығуға оралды
Франция ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жұлдызды ойыншысы Килиан Мбаппе жаттығуға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Реал» шабуылшысы «Жиронаға» (1-1) қарсы матчта қабағын зақымдап, соған байланысты жексенбі күнгі жаттығуды өткізіп алған еді.
Алайда бүгін құрамға қайта қосылды және алда Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Баварияға» қарсы матчқа дайын болады деп күтілуде. Аталған матч 15 сәуірде Мюнхенде өтеді.
Айта кетейік, алғашқы Мадридте өткен матч 1:2 есебімен неміс клубының пайдасына аяқталған еді.
«Бавария» Мадридте «Реалды» жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или