Жартылай қорғаушы Мойзес Кайседо «Челсимен» жаңа келісімшартқа отырды
Лондондық «Челси» клубы жартылай қорғаушы Мойзес Кайседомен жаңа келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартылған келісім 2033 жылға дейін есептелген. Эквадорлық футболшы клуб сапында 2023 жылдың тамызынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, тұрақты түрде негізгі құрамда алаңға шығып жүр.
Кайседо «Челси» сапында 140 матч өткізіп, сегіз гол соқты. Өткен маусым қорытындысында жанкүйерлер мен футболшылар оны команданың үздік ойыншысы деп таныған.
Айта кетелік, клуб басшылығы жартылай қорғаушыны алдағы жылдары да ұжым көшбасшыларының бірі ретінде көретінін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или