«Бавария» требл жасауға жақын
Германияның «Бавария» клубы осы маусымда үш негізгі турнирде де атой салып келе жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күні кеше мюнхендіктер Бундеслиаганың 30-турында «Штуттгартты» 4:2 есебімен жеңіп, мезгілінен бұрын топ жарды. Алда әлі төрт тур бар. Бірақ бәрінде жеңілсе де, бірінші орыннан түспейді. Осылайша, «Бавария» 35-ші рет Бундеслиага чемпионы атанған болатын.
Қазір олар негізгі үш турнирде де жеңімпаз атанып, требл жасауы мүмкін жалғыз клуб болып табылады:
- Бундеслига – чемпион
- Германия кубогы – 1/2 финал
- Чемпиондар лигасы – 1/2 финал.
Венсан Компани бастаған команда кубоктың жартылай финалында «Байермен», ал Чемпиондар лигасында «ПСЖ-мен» күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или