Италияны әлем чемпионатына қосу ұсынылды
АҚШ президентінің арнайы өкілі Паоло Замполли 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Иран құрамасын Италиямен ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ұсыныс Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) жолданған. Замполли өзінің италиялық екенін айтып, Италия құрамасын турнирде көргісі келетінін жеткізді.
Оның сөзінше, төрт дүркін әлем чемпионы Италияның мұндай деңгейдегі жарысқа қатысуға толық негізі бар.
Басылым мәліметінше, бұл бастама АҚШ пен Италия арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған. Бұған дейін Дональд Трамп пен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони арасында белгілі бір келіспеушіліктер болған.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или