Қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Бүгін, 23 сәуірде Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан сайыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ерлер арасында 62 келіге дейінгі салмақта Мансұр Хабибулла ширек финалда Таиланд өкілі Сувижак Кунтонгпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетіп, 1/2 финалға өтті.
Батыр Теңізбей 62 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында БАӘ өкілі Омар Алсувейдиге есе жіберді. Енді отандасымыз жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.
Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде Жібек Құлымбетова таиландтық Натчая Сугунмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде бұрымды балуанымыз жеңіске жетті. Осылайша Жібек Құлымбетова қола жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, 63 келіге дейінгі салмақта Ажар Салықова жарыс жолына шығады.
Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады
Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі
Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті