Андрей Порываев «Ислочь» сапына ауысты

Андрей Порываев «Ислочь» сапына ауысты

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының қорғаушысы ресми түрде «Ислочь» сапына ауысты. Бұл туралы kazfootball.kz сайты хабарлады.

Андрей Порываев «Шахтер» сапына 2011 жылы қосылған еді. Сол уақыттан бері қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 85 кездесуге қатысып, 3 гол соққан. 2015 жылдың соңында футболшының қарағандылық клубпен келісім-шарты аяқталды.

Сөйтіп, 34 жастағы қорғаушы Беларусь чемпионатының Бірінші лигасында ойнайтын «Ислочь» сапына қосылып, жаттығу жұмыстарын өткізіп жүрді. Кейін команданың жолдастық кездесулеріне қатысты. Ал, бүгін Минск қаласында орналасқан клубтың басшылары Порываевпен бір жылдық келісім-шарт жасағаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или