Ресми: «Челси» Лиам Росеньорді босатты
Ағылшындық «Челси» клубы 41 жастағы Лиам Росеньормен қош айтысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшындық маман лондондықтардың тізгінін қаңтар айында ұстаған еді. Ол жылдың басында қызметінен қуылған Энцо Маресканың орнына келген еді. Содан бері команда 23 матчта 11 жеңіс, 2 тең ойын және 11 жеңіліс тіркеді. Клуб басшылығы соңғы бес матчтағы голсыз жеңіліс сериясынан кейін Росеньормен де қоштасу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, қос тарап арасындағы келісімшарт мерзімі 2031 жалға дейін жарамды болған еді. Клуб шартты мезгілінен бұрын бұзғаны үшін бапкерге қомақты қаржы төлейді деп күтілуде. Ақпарат көздеріне сенсек бұл қаржы 11,5 пен 27,6 млн еуро арасында болады.
Енді маусым соңына дейін команда тізгінін 41 жастағы Каллум Макфарлейн ұстайды.
Требл жасауы мүмкін клуб белгілі болды