«Реал» қорғаушысы екі айға қатардан шығып қалды

«Реал» қорғаушысы екі айға қатардан шығып қалды

Бразилия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» орталық қорғаушысы Эдер Милитао тағы жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық басылымдардың мәліметінше, корольдік ұжымның қорғаушысы үшін маусым аяқталған. Ол кеше Ла Лига аясында өз алаңында «Алавеске» қарсы өткен кездесудің (2:1) бірінші таймында бұлшық ет жарақатын алды.

Өзі ауыр жарақаттан сәуір айында ғана қатарға қайта қосылған болатын. Енді Милитаоға сол жақ санның артқы бұлшық еттерін қалыпқа келтіру үшін екі айға жуық қажет екен.

Требл жасауы мүмкін клуб белгілі болды

Испания кубогы: «Атлетико» финалда жеңіліп қалды

Месси кезекті голдарын соғып, командасын жеңіске жетеледі


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или