Қазақстандық су добы шеберлері Азия ойындарында алғашқы жеңісін бағалады

Қазақстандық су добы шеберлері Азия ойындарында алғашқы жеңісін бағалады

Қазақстандық су добы шеберлері Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың бас бапкері Андрей Сазыкин Olympic.kz сайтына берген сұхбатында алғашқы матчты бағалап, турнирдегі мақсаттары туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Таиландты пенальти сериясында жеңді.

"Алғашқы ойынды өткіздік. Жалпы, жарысты сәтті бастадық деп айта аламын, себебі жеңіске жеттік. Иә, пенальти сериясында. Бірақ бұл жеңіс бізге жүлде үшін күресуге мүмкіндік береді.

Осы Азия ойындарындағы су добы жарысының форматы ойын барысына әсер етеді. Бірінші кезеңді ірі есеппен сенімді ұтқанымызбен, келесі екі кезеңде бір доп айырмасымен есе жібердік. Соның салдарынан партиялар есебі 1:2 болды. Төртінші кезеңде таразы басын теңестіріп, матчты пенальтиге жеткізуге тура келді.

Нәтижесінде жеңіске жеттік. Дегенмен мұндай форматта тіпті, екі кезеңде басым түскеннің өзінде, жалпы матчта жеңіліп қалу қаупі жоғары. Алдағы кездесулерде алдымызға қоятын талап та күшейе түседі. Әр ойын турнирдегі соңғы нәтижеге тікелей ықпал етеді", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 23 сәуір күні Гонконгқа қарсы өткізеді.

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или