Маман клубқа алғыс айтып, сенім білдірді

Маман клубқа алғыс айтып, сенім білдірді

Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл шешімді өзі қабылдаған. Ол клубтағы кезеңін мансабындағы маңызды әрі құнды уақыт ретінде бағалап, дәл осы жерде алғашқы трофейлерін жеңіп алғанын атап өтті.

Жұмасқалиев «Тобылдың» өзінің өміріндегі ең маңызды клуб екенін айтып, бұл жерде ойыншы ретінде де қалыптасқанын жеткізді. Сондай-ақ команда қиындықтан шығып, турнир кестесінде жоғарылайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, оның жетекшілігімен «Тобыл» Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алып, чемпионатта қола жүлдеге ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или