Қазақстандық боксшы нокдаунға жіберсе де өтпей қалды
Қазақстандық боксшы Бағлан Кенжебек Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда ол армениялық Жирайр Саргсянмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Жекпе-жек барысында Кенжебек үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда бұл оның жалпы жеңісіне жеткіліксіз болды.
Осы нәтижеден кейін Саргсян келесі кезеңге өтті, ал қазақстандық боксшы турнирдегі өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 50-ге жуық елден 400-ден астам боксшы қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или