Ерлік Сертай Венгриядағы гран-при турнирінің финалына шықты

Ерлік Сертай Венгриядағы гран-при турнирінің финалына шықты

Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалі үшін сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жекелей сайыста отандасымыз финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Сертай Швейцария өкілі Ян Хауриді 15:12 есебімен жеңді.

Енді шешуші кездесуде Ерлік венгриялық Давид Надьпен алтын жүлдені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или