Ақмарал Еркешева әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізді.
Финалда Ерекешева 27 ұпай жинады.
Германия өкілі Дарья Варфоломеева жарыс жеңімпазы атанды — 28.800 ұпай. Италия гимнасты София Раффаэли 28.500 ұпаймен екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығудың финалында да өнер көрсетіп, алтыншы орын алды (27.950).
Ал көпсайыстың қорытындысы бойынша отандасымыз оныншы орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или