«Әл-Наср» жұлдызы өзін жайсыз сезінген
«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду «Әл-Иттифакқа» қарсы матчтан кейін команданың жеңісін бірге атап өткен жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық футболшы 89-минутта ауыстырылып, бірден киім ауыстыратын бөлмеге кеткен. Ол ойыннан кейін командасына қосылмаған.
Бас бапкер Жорже Жезуштің айтуынша, Роналду матч барысында өзін жайсыз сезінген. Үзілістен кейін оны алаңға шығармау керек болғанын да атап өтті.
Оның сөзінше, ауыстырылғаннан кейін Роналду бірден киім ауыстыратын бөлмеге барып, өзін нашар сезініп, құсқан. Сол себепті ол ойын соңында командамен бірге болмаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или