Қылыштасудан Грекияда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Қылыштасудан Грекияда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Афина қаласында (Грекия) қылыштасудан әйелдер арасында Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын сегіз спортшы қорғайды. Құрамға Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Полина Ко, Диляра Исабекова, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева және Қайша Жәнібек енді.

Спортшылар жекелей сында да, командалық жарыста да өнер көрсетеді.

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.

Қазіргі бессайыстан ӘК: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады

Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или