ҚПЛ-да «Ұлытау» сырт алаңда жеңіске жетті

ҚПЛ-да «Ұлытау» сырт алаңда жеңіске жетті

ҚПЛ-2026 маусымының бесінші турында өскемендік «Алтай» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытаудан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Ойынның 17-минутында алаң иелері сапынан Драган Стойсавлевич есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай «Ұлытау» сапынан Сағи Малиқайдар таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Давид Мартен жеңіс голын соғып, қонақтарға үш ұпай сыйлады.

Осы нәтижеден кейін «Алтай» 2 ұпаймен турнир кестесінің 14-орнында тұр. Ал «Ұлытау» 8 ұпай жинап, алтыншы орынға көтерілді.

Келесі турда «Алтай» сырт алаңда «Қайсармен» кездеседі. «Ұлытау» өз алаңында «Тобылды» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или