Елордалық клубқа жаңа инвестор қызығушылық танытты

Елордалық клубқа жаңа инвестор қызығушылық танытты

Елордалық «Астана» клубы жекеменшікке өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, құрылыс саласындағы «ВД Строй-Инжиниринг» холдингі Қазақстандағы ең титулды клубтардың бірін жекешелендіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

2004 жылы құрылған компания бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларымен танымал. Атап айтқанда, Қызылордада 11 мың орындық стадион, Астана мен Түркістандағы ипподромдар салынған. Сондай-ақ «Медеу» спорт кешенін жаңғырту және Алматыда жаңа футбол стадионын салу жұмыстары да осы холдингке сеніп тапсырылған.

2025 жылдың желтоқсанынан бері компанияның бақылау кеңесін Еркін Оқасов басқарады. Ол Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін де атқарады.

Қазіргі уақытта әлеуетті инвестор елордалық клубтың қаржылық жағдайына аудит жүргізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или