Еуропа грандтарына нақты жауап берілді

Еуропа грандтарына нақты жауап берілді

«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Челси» және мадридтік «Реал» «Бавария» жартылай қорғаушысы Александар Павловичке қызығушылық танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда барлық клубтарға ойыншы трансферге шығарылмайтыны туралы жауап берілген. Мюнхендік клуб Павлович бойынша ұсыныстарды қарастыруға ниетті емес.

Сонымен қатар, 21 жастағы неміс футболшысы да командадан кеткісі келмейді. Ол «Баварияда» қалып, негізгі құрамдағы маңызды ойыншылардың біріне айналуды көздеп отыр.

Осы маусымда Павлович барлық турнирде 37 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или