Ақтаулық клубта жалақы мәселесі шешілмей тұр

Ақтаулық клубта жалақы мәселесі шешілмей тұр

Ақтаулық «Каспий» клубында қаржылық қиындықтар ушығып барады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда ойыншылары мен қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын толық ала алмай отыр. Мәлімет бойынша, футболшыларға қаңтар айының жалақысының тек бір бөлігі ғана төленген, ал негізгі құрам қызметкерлеріне жыл басынан бері мүлде ақша берілмеген.

Бұл жағдай ұжым ішіндегі ахуалға да әсер еткен. Жалақысыз қалған кейбір қызметкерлер клубтан кетуге мәжбүр болған.

Мәселені инфрақұрылымдық қиындықтар да күрделендіріп отыр. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионы дайын болмағандықтан, «Каспий» үй матчтарын Қызылордада өткізіп жүр. Ал жаттығу процесі Шымкенттегі БИИК базасында ұйымдастырылған. Команда ойын алдында бір күн бұрын автобуспен Қызылордаға жолға шығады.

Биыл Премьер-лигаға қайта оралған клуб турнирлік кестеде де қиын жағдайға тап болды. Төрт тур қорытындысы бойынша «Каспий» үш рет жеңіліп, бір мәрте тең ойнады және 15-орында тұр.

Команда алғашқы жеңісін Қазақстан кубогының 1/16 финалында Бірінші лига өкілі «Батырды» жеңу арқылы тіркеді. Келесі матчта «Каспий» 12 сәуір күні сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или