ҚПЛ-де «Астана» мен «Ордабасы» тең тарқасты

ҚПЛ-де «Астана» мен «Ордабасы» тең тарқасты

ҚПЛ-дің бесінші турындағы матчта «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Астана Аренада» өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қос команда бірнеше мүмкіндік жасағанымен, есеп ашылмады.

Екінші таймда 72-минутта Жасұлан Әмір алыстан дәл соққы жасап, қонақтарды алға шығарды. Алайда ойынның қосымша уақытында, 90+5-минутта Ян Вороговский есепті теңестіріп, «Астанаға» бір ұпай сыйлады.

Осы нәтижеден кейін «Ордабасы» 9 ұпайға жетсе, «Астана» 8 ұпай жинады. Екі команда да турнир кестесінде көшбасшыларға жақын орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или