ҚПЛ-де Костанайда өткен матч тең аяқталды
Қостанайда өткен ҚПЛ-дің бесінші турындағы матчта «Тобыл» мен «Қайрат» тең нәтижеге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 13-минутында алаң иелері сапынан Урош Милованович есеп ашса, 19-минутта Дастан Сатпаев таразы басын теңестірді.
Бес турдан кейін «Тобыл» екі ұпаймен турнир кестесінің 15-орнында тұр. Ал «Қайрат» 11 ұпай жинап, чемпионатта көш бастап келеді.
Келесі турда қостанайлық клуб сырт алаңда «Ұлытаумен» ойнайды. «Қайрат» өз кезекті матчын күнтізбеге сәйкес кейін өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или