Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жүлдесімен марапатталды
Ұлттық құрамамен «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәипаев мемлекеттік жастарға арналған «Дарын» жүлдесінің лауреаты атанды. Оны Аида Балаева табыс етті, деп һабарлайды Prosports.kz.
«Дарын» жүлдесі жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметтері мен жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі. Балаева Сәтпаевтың өнері балаларға үлгі көрсетіп, қоғамды спортқа баулу үшін маңызды екенін атап өтті.
«Қайрат» сапында Дастан Қазақстан чемпионы (2024/2025), Қазақстан Суперкубогының иегері (2024/2025), сондай-ақ UEFA Чемпиондар Лигасында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы болды.
Айта кетелік, 2026 жылғы тамызда ол Челси командасына ауыспақ. Оған төленер қаржы шамамен 4 миллион еуро деп есептеліп отыр.
Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды
ҚФФ даулы матчтың төрешілеріне қатысты шешім шығарды
ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді