Қазақстан кубогында екі клуб сенімді жеңіске жетті

Қазақстан кубогында екі клуб сенімді жеңіске жетті

Қазақстан кубогының 1/16 финалында елордалық «Жеңіс» пен өскемендік «Алтай» қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алтай» сырт алаңда оралдық «Желаев Нанды» 2:0 есебімен жеңді. Жеңімпаздар сапында Неманья Мичевич пен Дмитрий Шмидт гол соқты.

Ал «Жеңіс» қонақта «Хромтауды» 4:1 есебімен ұтты. Қонақтар сапында Элгуджа Лобжанидзе екі гол соғып, Адильо мен Элдер Сантана да мергендер қатарынан көрінді.

Осы нәтижеден кейін «Жеңіс» келесі кезеңде «Шахтер» – «Окжетпес» жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ал «Алтай» «Тараз» – «Ұлытау» матчынан шыққан қарсыласпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или