«Жайық» жеңісті уыстан шығарып алды
Қазақстан кубогінің 1/16 финалында оралдық «Жайық» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, тартысты ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері алғашқы болып есеп ашып, жанкүйерлерін қуантты. Алайда бірінші тайм аяқталғанға дейін «Қайрат» таразы басын теңестіріп үлгерді.
Үзілістен кейін алматылық клуб толықтай бастаманы өз қолына алып, шабуылдарын үдете түсті. Екінші таймда Туяқбаев дубль авторы атанса, ойынға қосалқы құрамнан шыққан Петрик есепті еселей түсті.
Айта кетелік, нәтижесінде ойын 3:1 есебімен аяқталып, «Қайрат» Қазақстан кубогінің 1/8 финалына жолдама алды.
Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды
ҚФФ даулы матчтың төрешілеріне қатысты шешім шығарды
ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или