Мейіржан Есенғараев: «Биылғы маусымда «Мақтаарал» жоғары орындарды бағындыруға тырысады»

«Мақтаарал» футбол клубының президенті Мейіржан Есенғараев Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сұхбат берді.

-Мейіржан Үсенұлы, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде?

- Қазіргі уақытта біз екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Біріншісі қаңтар айында үш апта бойы өтті. Бапкерлер бірнеше жас ойыншыларды қарастырды. Тағы да басқа клубтардан тәжірибелі футболшылар байқауда болды. Екінші жиынға да көптеген ойыншыларды шақырып, 2-ші ақпан күні жаттығуларды бастадық.

- Шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізесіз бе?

- Оның керегі жоқ деп ойлаймын. Біздің аймақта футболшылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауа райы да жылы. Мысалы, қазір термометр 15 градус жылыны көрсетеді. Осындай температура жаттығулар үшін өте қолайлы. Шетелге бару үшін де өте көп ақша керек.

- Бақылау матчтарын өткізесіз бе?

- Осы жиында 3-4 ойын өткіземіз. Ол үшін көрші тұрған Шымкентке барамыз. Ақпан айында осы қалада әдетте көптеген командалар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мысалы, Бірінші лигадан немесе Премьер-лиганың қосалқы командалары. Менің білуімше, қазір Шымкеннте «Жетысу» клубының жас ойыншылары, «Байқоңыр» және «Алтай» командалары оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

- Командадан кеткен футболшылардың есімін атай аласыз ба?

- «Мақтааралдан» әзірше алты футболшы кетті. Қалғандары клубтың сапында жаттығуларын жалғастыруда.

- БАҚ-та сіздің клубыңыз Сабырхан Ыбыраев пен Айдар Арғымбаевпен келісім-шартқа отырды деген мәлімет шықты. Тағы кім «Мақтааралға» келді?

- Иә, шынымен де осы тәжірибелі ойыншылар біздің клубқа келді. Олардың бізге көмек көрсететініне мен сенімдімін. Олардан басқа тағы да ойыншылар байқауда жүр. Кейін бапкерлер олардың болашағы туралы шешімін қабылдайды.

- Бапкерлік штабта қандай өзгерістер бар?

- Команданың екінші бапкері Тимур Ықсанов «Ордабасыға» кетті. Өткен маусымда өскемендік «Востокпен» күміс жүлделерін алған Павел Евтеевті оның орнына шақырдық. Павел Валерийұлы енді Шайзидин Кенжебаевтың көмекшісі болады. Командада тағы Қуаныш Қарақұлов та жұмыс істейді.

- Өткен маусымда «Мақтаарал» турнирлік кестеде өз орнын ортада тапқаны белгілі. Ал келер маусымда алдыңызда қандай мақсат тұрады?

- Енді біз өткендегі нәтижелерімізді нығайтуымыз керекпіз. . Турнирлік кестеде жоғары орындарды бағындыруға тырысамыз. Аймақ басшылары футболды тым жақсы көретіні соншалықты, бізге өз көмегін аямайды. Сондықтан «Мақтааралдан» жоғары нәтиже күтеді.

pflk.kz ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или