Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысты грек-рим күресінің балуандары бастады. Бүгін 57, 63, 77, 87, 130 келіге дейнгі салмақтың өкілдері күш сынасуда.

Қазақ балуандарының арасынан Сайфулла Құрман 1/8 финалда үндістандық Санни Кумарды 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Бірақ ширек финалда түрікменстандық балуан Азатджан Ачиловқа есе жіберді.

Өкінішке қарай Қаһарман Қисметов (77 кг) әлемдік күрестің жұлдызы, жергілікті Ақжол Махмұдовқа есе жіберсе, Нұрзат Қабдырахимов (55 кг) ирандық қарсыласына және Джохар Узаров (130 кг) жапониялық балуанға жеңілді.

Ал 87 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Сынхванды 7:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. 

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или