ҚФФ скаут платформасының іске қосылғанын мәлімдеді
ҚФФ Қазақстан Республикасының азаматтығы бар дарынды футболшыларды іздеу, анықтау және сүйемелдеуге бағытталған ұлттық скаут платформасының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Платформа таланттарды дамытудың ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және ойыншыларға тұратын еліне және жарыс деңгейіне қарамастан ҚФФ мамандарының назарына ілігуге мүмкіндік береді.
Платформаға кім тіркеле алады:
- – Қазақстан клубтары мен академияларында ойнайтын футболшылар;
- – шетелде өнер көрсетіп жүрген Қазақстан Республикасының паспорты бар ойыншылар;
- – кәсіби де, әуесқой да футболшылар;
- – барлық ойыншылар үшін жас шектеуі – 21 жасқа дейін;
- – ҚФФ бақылау жүйесіне енгісі келетін барлық үміткерлер.
Платформаға тіркелу ойыншыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- – ҚФФ-ның ұлттық футболшылар базасына енгізілу;
- – федерация скауттарының бақылауында болу;
- – қаралымдарға, оқу-жаттығу жиындарына және турнирлерге шақырту алу;
- – ҚФФ академиялары мен ұлттық құрамаларға шақырылу мүмкіндігі.
Тіркелу сілтемесі мына жерде.
Қазақ баласы «Барселона» ойыншысы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или