Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуанмен тағы кездеседі

Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуанмен тағы кездеседі

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен тағы да белдесетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос спортшы 18 сәуір күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирінде кездеседі. Бұл жекпе-жекте америкалық балуан жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.

Айта кетейік, екі балуан бұған дейін де жолыққан. Ол кездесуде тәжірибелі Кайл Снайдер жеңіске жеткен болатын. Снайдер 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және үш дүркін әлем чемпионы.

Ал Ризабек Айтмұхан 2023 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында олимпиадалық емес 92 келі салмақта тарихи жеңіске жеткеннен кейін 97 келіге ауысқан болатын. Осы салмақта 2024 жылы жастар (U20 және U23) арасында әлем чемпионы атанып, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионаттарында, сондай-ақ 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс жүлде иеленді.

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта чемпион атанды

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или