Әйелдер күресі: Қазақстан U20 құрамасы халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі

Әйелдер күресі: Қазақстан U20 құрамасы халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі

Эстония астанасы Таллинде Еуропаның ең ауқымды жарысы саналатын TALLINN OPEN халықаралық турнирI өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш жас санатында (U15, U17, U20) жүлделер сарапқа салынған турнирге 35 мемлекеттен 1300 балуан қатысқан. 16 боз кілемде өткен жарыста әйелдер күресінен U20 Қазақстан құрамасы бақ сынады.

Нәтижесінде Әділет Ермаков жетекшілігімен сынға түскен команда қос алтын және қос қола медаль еншіледі:

  • Алтын - 53 келі. Динара Дауылқызы
  • Алтын - 57 келі. Анна Стратан
  • Қола - 65 келі. Қызжібек Жарқынбаева
  • Қола - 72 келі. Мейрамгүл Мақсот


Айта кетерлік жәйт, Эстониядағы турнирде әр салмақ дәрежесінде Топ-6 қатарына енген спортшылар марапатталды.

  • 65 келі. Жаңыл Бекен 4 орын
  • 72 келі. Зейнеп Еламас 4 орын
  • 76 келі. Меруерт Назарбаева 4 орын
  • 68 келі. Шахизада Дәулетжан 5 орын
  • 55 келі. Ангелина Герберт 6 орын.


Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта чемпион атанды

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или