Ризабек Айтмұхан PWL 11 турниріне қатысады

Ризабек Айтмұхан PWL 11 турниріне қатысады

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ташкентте өтетін PWL 11 (Poddubny Wrestling League) турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық балуан аталмыш турнирде ресейлік балуан Алихан Қцоевпен күш сынасады. Жарыс 27 наурыз күні «Хумо Аренада» өтеді.

Еске салайық, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында олимпиадалық емес 92 келі салмақта тарихи алтын медаль еншілеп, кейіннен 97 келіге ауысқан болатын. Осы салмақта 2024 жылы жастар (U20 және U23) арасында әлем чемпионы атанып, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионаттарында, сондай-ақ 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс жүлде иеленді.

Алихан Қцоев – Хадарцев бауырлары турнирінің екі дүркін жеңімпазы. Алдыңғы PWL 10 турнирінде Мәскеуде ол америкалық Джей Айеллоны жеңген.

13 ақпан күні Бішкек қаласында өткен Super 4 Wrestling турнирінде Айтмұхан Қцоевты 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта чемпион атанды

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или