Сергей Ткачук: «Бородюк Сидельниковке үміт артты»

Сергей Ткачук: «Бородюк Сидельниковке үміт артты»

«Қайраттың» қақпашысы Сергей Ткачук Prosportkz.kz тілшісіне берген сұхбатында алматылық клубтан неліктен кеткенін айтып берді.

- Екі күннен кейін «Қайратпен» ресми түрде келісімшартты бұзамын. Басқа клубтың ұсыныстарына ашықпын.

- Сіздің «Қайратпен» тағы бір жылға келісіміңіз болды емес пе?

- Иә. Тағы бір жылға келісімшарт болды. Былтырғы маусым соңында клуб басшылығымен кездесіп, олар маған басқа командалардан ұсыныстар түссе соңы қарастыра берсін деді. Мен оларға «Қайраттың» жаңа бас бапкері Александр Бородюктің алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысқым келетінін айттым. Бірақ ОЖЖ барысында ресейлік маман маған емес, Андрей Сидельниковке үміт артатынын айтты. Осылайша, екі жақтың келісімімен келісімшартты бұздық.

- Қазір Алматыдасыз ба?

- Жоқ. Қарағандыдамын.

- Бұл «Шахтердің» ұсынысымен байланысты ма?

- Менің Қарағандыда үйім бар. Қазір ҚПЛ-дың бірнеше клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатырмын.

- «Шахтерге» қайта оралғыңыз келмейді ме?

- Оралғым келеді, бірақ Қарағандыда қазір қаржылық мәселесі ауыр.

- Жалпы жаңа маусымға дайындығыңыз қалай?

- Алаңға сирек шыққаныма қарамастан физикалық тұрғыда дайынмын. Олег Воскобойниковтың арқасында өз бабымдамын.

- Қаржылық дағдарысқа қарамастан «Қайрат» жаңа маусымда чемпиондыққа таласа алады ма?

- Бізге жаңа бас бапкерді таныстырған сәтте, алдымызға тек жоғары мақсаттарды қойды. Бұл Қазақстан чемпионатын жеңу мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или