Антон Матвеенко :«ҚПЛ-ге жоғары деңгейдегі легионерлер келуде»

Антон Матвеенко :«ҚПЛ-ге жоғары деңгейдегі легионерлер келуде»

Белорусьтің «Белшина» командасына ауысқан бұрынғы қызылордалық «Қайсар» клубының ойыншысы Антон Матвеенко «Прессбол» басылымының тілшісіне не себепті белорусь футболшылар Қазақстан чемпионатынан кетіп жатқандығын айтып берді.

— Жазда өзің ат басын бұрған «Қайсар» футбол клубы Премьер-Лигадан не себепті ұшып кетті?

— Соңғы үш турда тікелей бәсекелестерімізге қарсы кездесулерде өте маңызды ұпайларымыздан айырылып қалдық. Мысалға, бізден бір саты жоғары орныққан «Жетісу» командасы. Матч соңына он минут қалғанда біз бір доп басымдығымен жеңіп тұрған болатынбыз, алайда соңғы минуттарға қақпамызға екі гол жіберіп алып, жеңіліп қалдық. Бұдан бөлек, жазда бас бапкеріміз ауысқан болатын. Қазақстанның ең беделді бапкерлерінің бірі Дмитрий Огай қызметінен кетіп, орнына ресейлік Федор Щербаченко келді. Алайда оған жаңа ұжымға сіңісуге уақыт керек еді.

— Не үшін белорусь ойыншылары Қазақстан біріншілігінен кетіп жатыр? Павлов, Порываев, Пархачев.

— Жарыс деңгейі көтеріліп келеді. Қазақстанға біздің футболшылардан да мықты легионерлер келіп жатыр. Ал сіз атап өткен ойыншылар біраз жасқа келіп қалды. Бұған қоса, бүкіл әлемде белорусьтерге қарағанда сербиялық немесе хорватиялық футболшыларды алған дұрысырақ деп ойлайды. Алайда, осы күнге дейін барлық бапкерлер біздің жақсы футбол мектебінен шыққанымызды айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или