Игорь Елащук: «Легионерді таңдаудың басты шарты – оның сапасы»

«Ертіс» командасының директоры Игорь Елащук Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтының сұхбатында павлодарлықтардың трансферлік жаңалықтарын ашып берді.

- Игорь Евгеньевич, командада қандай жаңалықтар бар?

- Трансферлік сұрақтар әлі де шешіліп жатыр. Өткен маусымда өнер көрсеткен футболшылармен келісім-шартқа отырдық. Олар – чехиялық Томаш Жирсак және португалиялық Карлос Фонсека. Қазақстандық ойыншылар туралы айтатын болсақ, бізге Қарағандыдан Роман Муртазаев және Астанадан Елдос Ахметов келді.

- Басқа клубтардан бірнеше ұсыныс алған Фонсеканы қалай командада сақтай алдыңдар?

- Өзімізді-өзіміз мақтай алмаймыз, бірақ осы мәселені шешу үшін көп еңбектендік. Нәтижесін сендер көрдіңдер. Алдағы маусымда Фонсека әлі де талай рет павлодарлық жанкүйерлерді қуантады деп сенемін.

- Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынында команда сапында Сергей Кейлер, Алмат Бекбаев және Мартин Кляйн жүрді. Олар «Ертісте» қала ма?

- Кейлерді біз қарадық. Оның болашағы туралы шешімін әлі қабылдамадық. Басқа ойыншылар туралы да бірдеңе айту қиын.

- Самат Смақов қазір «Ақтөбеде» жүр. Оның командада қалуын қаладыңдар ма?

- Иә, бірақ оның арманы –футболдағы соңғы маусымын «Ақтөбеде» өткізу. Содан кейін футболмен қош айтысады.

- Болашақ маусымда «Ертіс» сапында енді Дудченко, Ндиайе, Чернышов, Кассай, Ронкатто секілді футболшылар өнер көрсетпейді. Командада қалудың мүмкіндіктері болмады ма?

- Фернандер Кассайды командада қалдыруын талап еттік, бірақ қаржылық мәселесі өз әсерін тигізді. Енді ол «Тобылда» ойнайтын болды.

- Бірінші оқу-жаттығу жиынын қалай бағалайсыз?

- Әзірше бәрі ойдағыдай. Көптген ойыншыларды қарастырдық. Кейбір футболшылар осы жиынға келе алмады, сондықтан оларды келесі жиында күтеміз.

- Легионерлерде тоқталсақ, олардың алыс шетелден әлде жақын елдерден келуін қалайсыңдар?

- Айырмашылығы жоқ. Олар Парагвайдан, Уругвайдан болсын, немесе Ресей мен Камеруннан, жоқ, әйтпесе, Өзбекстаннан – ол маңызды емес. Легионерді таңдаудың басты шарты – оның сапасы. Қай футболшының ойыны, адамгершілік қасиеттері ұнаса, сол легионерді командада қалдырамыз.

- Қазақстан құрамасының деңгейдегі ойыншылар командаға алдағы жиынға келе ме?

- Солай деп ойлаймын.

- Келесі оқу-жаттығу жиыны қашан басталады?

- Қаңтардың 28-і күні біз Түркияға аттанып, 29-ы күні сол жиынды бастаймыз. Ақпанның 11-де Қазақстанға қайтамыз.

- Алдағы маусымға мақсат қойылды ма?

- Әуелі алғашқы алты үздік команданың қатарыну кіруіміз керек. Содан кейін жоғары орындар үшін таласамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или