FIFA-ның сайлау комитеті 5 үміткерді бекітті
<p style="text-align: justify;">
<strong>FIFA-ның сайлау комитеті президент сайлауына қатысатын 5 үміткерді бекітті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Халықаралық футбол федерациясының 26 ақпандағы кезектен тыс конгресінде сайлау өтеді. Бұл туралы FIFA-ның бас хатшысы Маркус Каттнер мәлімдеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
FIFA президентінің сайлауына Азия футбол федерациясының басшысы Салман бин Ибрагим әл-Халифа, Еуропалық футбол қауымдастығы одағының бас хатшысы Джанни Инфантино, Иордания ханзадасы Али бин әл-Хусейн, Оңтүстік Африка Республикасының үй құрылысы бойынша бұрынғы министрі Токио Сексвале және FIFA бас хатшысының бұрынғы орынбасары, франциялық Жером Шампань қатысады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или