Фокси Кетевоама түркиялық клубқа ауысады

«Астана» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Фокси Кетевоама түркиялық «Газиантеп ББК» командасына ауысуға жақын.

Ajansspor.com сайтының мәліметтеріне сүйенсек, африкалық футболшы жақын күндері дәрігерлік тексерістен өтіп, түркиялық ұжыммен ресми түрде келісімшартқа отырады.

Естеріңізге сала кетсек, Фокси 2012-ші жылдан бері «Астананың» намысын қорғап келген болатын. Бірақ, жаңа маусым алдында елордалық клубтың басшылығы Кетевоамаға жаңа келісімшарт ұсынбады. Енді 29-жастағы шабуылшы өз мансабын Түркияда жалғастырмақшы.

Айта кетер жайт, «Газиантеп ББК» футбол клубы Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или