Эрве Ренар туралы не білеміз

Жақында ғана жергілікті БАҚ футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне франциялық 47-жастағы маман Эрве Ренар тағайындалғанын мәлім етті.

«PROСПОРТ» тілшісі франциялық маман Эрве Ренардың өмірбаянын зерттеп, жетістіктерін саралап көрді.

ЭрвеРенар 1968-ші жылы Францияның Экс-ле-Бен қаласында дүниеге келді. Бала кезінен ол футболмен айналысып, қорғаушы амплуасында Францияның төменгі лигаларындағы «Канн», «Стад де Валлюри» мен «Драгуньян» ұжымдарында өнер көрсетті. Үлкен футболда аса жолы болмаған Эрве 1990 жылдардың аяғында бапкерлік мансабын бастады. «Драгуньян» командасын, англиялық «Кембридж Юнайтед» пен франциялық «Шербураны» жаттықтырған. Артынша, Гана құрамасының бас бапкері Клод Ле Руаның көмекшісі болды.

Ал 2008-ші жылы Эрве Ренар Замбия құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 2010-шы жылы өткен Африка кубогында Эрве Ренар Замбия құрамасымен ширек финалға дейін жеткен болатын. Араға екі жыл салып Замбия құрамасымен Африка кубогының иегері атанды. Бұл нәтиже футбол әлемінде нағыз сенсация болды. Замбиядан кеткен 47-жастағы франциялық маман «Сошо» клубын жаттықтырып, онымен бірге Екінші Лигаға түсіп кетті. Бұл сәтсіздіктен кейін Эрве Ренар азулы Кот-д’Ивуар құрамасының тізгінін ұстады. 2014-ші жылы өткен Әлем чемпионатында топтан шыға алмаған танымал африкалық ұжым, келесі жылы Африка кубогын жеңіп алды. Финалда Эрве Ренардың командасы Гана құрамасын пенальти сериясында жеңді. Бұл Кот-д’Ивуар елі үшін асыға күткен жеңіс болды. Содан соң, Эрве Ренар қайта Франция чемпионатына оралып, «Лилль» командасына келді. Бірақ жаңа маусымда ұжымы 13-турдан кейін 16-шы орында тұрғандықтан клуб басшылығы оны жұмыстан босатты. Содан бері жұмыссыз жүр. Енді белгілі болғандай, 47-жастағы франциялық маман Қазақстан құрамасын баптайтын болды. Бұл қызметке тағайындалу үшін Ренар «Аль-Ахлидің» ұсынысынан бас тартқаны да анықталды.

Жалпы Ренар эмоционалды бапкер. Сондай-ақ, 47-жастағы маман клубтық командаларынан қарағанда Ұлттық құрамаларды жақсы баптайды. Екі рет Африка кубогын жеңу – өте керемет нәтиже. Әрине, Қазақстан құрамасында Кот-д’Ивуардағындай мықты футболшылар жоқ, бірақ Замбияда да керемет ойыншылар болмады ғой. Эрве Ренардың ұтымды жағы – бұл оның тәртіпке қатал мән беруі. Жасы 47-де болғанымен Ренар өте тәжірибелі бапкер. Кот-д’Ивуар құрамасымен Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсеткен. Дидье Дрогба, Яя Туре сынды ойыншылармен жұмыс істеген. Жалпы, Юрий Красножаннан кейін Эрве Ренар – жақсы үміткер. Ренардың Қазақстан құрамасымен кезінде Арно Пайперстің көрсеткен нәтижесін жақсартуы әбден мүмкін. Бұған қоса, 2018-ші жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде аса ауыр топқа түспедік. Тобымыздағы әр командамен тіресуге болады. Ренар қорғанысқа көп мән береді. Қазақстандық футболшылардың деңгейін ескерсек, бізге де бұл стиль жақын. Яғни, Ренар үшін Қазақстан құрамасын жаттықтыру – өзін қаншалықты мықты маман екенін тексеруге мүмкіндік. Ал бұдан не шығатынын тек қана уақыт көрсетеді. Әзірше Эрве Ренар Қазақстан құрамасының ресми жаттықтырушысы емес. Бірақ, ҚФФ-на жақын тұлғалардан белгілі болғандай, қазіргі таңда онымен келіссөздер аяқталуға жақын. Ұлттық құрамамыздың жаңа бас бапкердің есімі осы айдың соңында белгілі болады.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или