Виталий Евстигнеев «Таразға» қайта оралды

30 жастағы тіреуші жартылай қорғаушы Виталий Евстигнеев тараздық клубтың сабына қайта оралды.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті. Евстигнеев былтырғы маусымды «Таразда» бастаған, бірақ бір ғана матч өткізген ол жазда командадан кетіп қалды. Виталий шымкенттік «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғады.

Жартылай қорғаушы соңғы үш жылда 12 матч қана өткізген. 2013 жылдың басында ауыр жарақат алып, маусымды ерте аяқтаған. 2014 жылдың мамырында тағы да сол жарақатын қайтадан алып, сол жылы да ойнай алмады.

Виталий Евстигнеевтің еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сабында да матчтар бар – 3 ойын, 2 гол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или