Валерий Коробкин «Атырауға» ауысты

«Атырау» ФК 31 жастағы жартылай қорғаушы Валерий Коробкинмен келісім-шартқа отырды.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті. Валерий Коробкин былтырғы маусымды «Ақтөбенің» сабында өткізіп, 27 матчта бір гол соққан. Ақтөбелік командаға дейін ресейлік футбол мектебінің түлегі «Астана», «Салют» (Белгород), «Енисей» (Красноярск), СКА (Ростов-на-Дону), «Энергия» (Волжский) және «Ротор-Волгоград» секілді клубтардың намысын қорғады.

2012 жылы Коробкин Қазақстан азаматтығын ұлып, ұлттық құрама жейдесін киді. Жартылай қорғаушы негізгі команда сабында 13 матчқа қатысты.

Айта кетейік, Коробкин Қазақстан чемпионатында 96 матч өткізіп, 6 голдың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или