«Қайрат» венгриялық клубты жеңді

«Қайрат» футбол клубы жолдастық матчта венгриялық «Ньиредьхазу» командасын ұтты.

Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты хабарлайды. Оқу-жаттығу жиынындағы германиялық «Ваттеншайдке» қарсы кездесуден кейін «Қайрат» Түркияда венгриялық «Ньиредьхазу» командасын қабылдады.

Аталмыш ойын «Қайраттың» пайдасына шешілді - 3:2. Алматылық клуб сабында Жерар Гоу, Михаил Бакаев пен Виталий Ли көзге түсті. Венгриялықтарда Тэртей мен Лацио Резесу гол соқты.

Енді «Қайрат» қаңтардың 28-і швециялық «Карлстад Юнайтедпен» күш сынасады.

«Қайрат»: Сидельников (Плотников 46), Қуантаев (Даиров 75), Бруно Соарес (Мұсаев 75), Маркович (Рудосельский 25), Вороговский, Тимощук, Бакаев, Дарабаев, Исаэл (Райымбек 75), Риера, Гоу (Ли 55).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или