Эгон Флад: «Қазақстан чемпионатында танитын ойыншым – Анатолий Тимощук»

Эгон Флад: «Қазақстан чемпионатында танитын ойыншым – Анатолий Тимощук»

Александр Бородюктің бұрынғы клубтасы Эгон Флад «Қайраттың» Анталиядағы жаттығуында болды.

Немістің белгілі қорғаушысы Эгон Флад өзінің әріптесі германиялық белгілі футбол маманы Герберт Бриеммен бірге алматылық клубтың жаттығуына келді. Алматылықтардың баспасөз-қызметі Эгонмен сұхбаттасып, «Қайраттың» жаңа бапкері туралы мәліметтер алды.

– «Зашамен» (Эгон Флад бас бапкерді осылай атайды) бірге «Шалькеде» ойнағанмын. Қазір өз командасымен бірге Анталияда жаттығу жасап жатқанын естідім. Осында келіп, ескі досыммен кездесуді жөн санадым. Түркияға өз жұмыстарыммен келгенім жақсы болды.

– Немен айналысасыз?

– Мен агентпін, қазір неміс клубтары өте көп, жақсы ойыншылар іздеп жүрмін.

– Сіздің ойыншыларыңыздың бірі Қазақстанда өнер көрсете ме?

– Жоқ, ол өте алыс. Бұл біздің нарық емес, біздің агенттікке Германия мен Батыс Еуропада жұмыс жасаған қолайлырақ. Бұрынғы КСРО елдерінен тек бір ғана ойыншымен байланыстық, ол Александрн Глеб болатын.

– Бірнеше жыл уақыттан соң Александр Генриховичпен байланысыңыз қалай үзбедіңіздер?

– Негізі біз тек былтырғы жылдан бастап қана қайта хабарласа бастадық. Гельзенкирхенде «Шалькенің» барлық белгілі ойыншыларын жинаған, сол жақта ескі достарымызбен кездесіп, телефон нөмірлерімізбен алмастық.

– Ойыншы ретінде мансабын еске түсіретін болсақ, футболшы Александр Бородюк туралы не айта аласыз?

– Тамаша футболшы, техникасы мен ақыл-ойы тамаша болатын. Алаңда өте тамаша көретін және екі аяғымен де ойнай алатын еді. Мен үшін ол өзім ойнаған ойыншылардың ішіндегі ең үздігі болатын. Ол жақсы адам және тамаша футболшы. Германияда оның жанкүйерлері өте көп. Сырт алаңдағы матчтарға барғанда әрқашан қонақүйде бір нөмірді алатынбыз.

– Біздің бас бапкермен байланысты қызықты оқиғаларыңыз бар шығар?

– Әрине, ол туралы көп нәрсе айта аламын (күліп). Александрдің қызық әдеті бар еді – ол қашан да ойын алдында бутсыды өзі дайындайтын. Оларды тазалап, сүртіп қоятын, бізде бұлай жасалмайтын еді. Онымен айналысатын адам бар ғой. Ол үшін өзінің аяқ киімі тым маңызды.

– Қазақстандық футбол туралы не білесіз?

– Көп емес. «Қайрат» пен «Астананы» ғана білемін. Клубтарыңыздың жаңа базасының суреттерін көргенмін – бұл тамаша. Бірақ Германияда қазақстандық футбол туралы көп айтпайды. Сіздердің чемпионатта танитын жалғыз ойыншым – Анатолий Тимощук.

– Қалай ойлайсыз, Александр Бородюк қандай тәсілді қолданады – немістің бе, жоқ орыстың ба?

– Білесіз бе, оның футболдағы тәжірибесі өте көп. Ол белгілі бір микс жасап шығады деп ойлаймын – ресейлік футболдың жақсысын, неміс футболының жақсысын және голландиялық футболдан сәл ғана алады, себебі ол Хиддинк және Адвокатпен ұзақ уақыт жұмыс жасады ғой. Егер Александр өзі ойнай алатындай бапкер болса, онда «Қайрат» өте мықты команда болады.

– Ең соңында, «Қайрат» пен оның жанкүйерлеріне тілегіңізді айтсаңыз.

– Менің тек бір ғана тілегім бар – «Қайрат» менің досым Александр Бородюктің басшылығымен Қазақстан чемпионатын жеңіп алса екен. «Қайратты» бақылап, командаларыңызға жанкүйер боламын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или