Тимур Рудосельский: «Барлық матчта ойнағым келеді»

Тимур Рудосельский: «Барлық матчта ойнағым келеді»

«Қайрат» ФК-ның жас қорғаушысы Тимур Рудосельский ОЖЖ барысы туралы айтып, былтырғы жылдың қорытындысын жасады және өзінің алдына қойған мақсаттарымен бөлісті.

– Былтырғы маусымда негізгі құрамның ойыншысы болдың. 2015 жылға қандай баға бересің?

– Мен үшін маусым жақсы өтті, табысты болды дей аламын. Егер бес ұпайлық өлшеммен есептейтін болсақ, 4+ немесе 5 қояр едім. Жақсы ойнадық, бірақ чемпион атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуімізге сәл ғана жетпей қалды. Оған қарамастан, Кубокты ұтып алдық. Өзім үшін маусым тамаша өтті.

– Дубль ойыншысы деген аттан негізгі ойыншыға ауыстың, айырмашылық сезіле ме?

– Көп жұмыс жасап, негізгі құрамға түсуге тырыстым. Негізгі құрамдағы ойын бөлек, жауапкершілік басқа, беріле ойнау қажет. Дубльде де осылай жасадым, бірақ тәжірибелі әріптестеріңмен ойнағанда сенің де тәжірибең артады, жоғары көтерілесің. Әр жаттығуда бар күшімді саламын.

– Сен орталық алаңда да, қапталда да ойнадың. Өзіңе қай тұста ойнаған қолайлы және неліктен?

– Бас бапкер мені қай жерден көреді, сол жерде ойнаймын. Осы аймақтарда ойнау маған қиындық туғызбайды. Ең маңыздысы, бапкердің сенімі. Ойын алдында бапкерлік штаб қойған тапсырмаларды орындауға тырысамын.

– Жастар құрамасында негізгі құрам ойыншыларының бірісің, біздің құрама іріктеу кезеңіде жақсы футбол көрсете алды, бірақ ұпай ала алмаған кездер болды. Сенің ойыңша, мәселе неде?

– Білмеймін... Мүмкін дәрежеде болар? Боснияны тізе бүктірдік, швейцариялықтарға қарсы жақсы ойын болды, бірақ жеңіліп қалдық. Ал ағылшындар... ағылшындардың деңгейі жоғары. Норвегияға келер болсақ, олар өте мықты команда, ойынның 1:2 есебімен аяқталғаны біз үшін жақсы болды.

– Қазақстан құрамасы Достастық кубогында сәтсіз өнер көрсетті, қалай ойлайсың, алматылық ойыншылар болса, нәтиже басқаша болар ма еді?

– Қазір оны ешкім дәл айта алмайды, бірақ жеңіс үшін барымызды салар едік.

– Осы жылы лимит туралы ереже болмайды. Бұл жас футболшылардың өсуіне кедергі болады деп ойламайсың ба?

– Тек лимитке ғана үміттенгендерге, әрине, бұл өзгеріс қиындық тудырады, ал кімнің жұмыс жасағысы келеді, сол лимитсіз-ақ өзінің неге тұратынын көрсете алады. Бұл ешқандай да қиын емес.

– Былтыр сен отау құрдың, отбасылық өмір сезіле ме?

– Менің жұбайым тамаша. Ол футболға жақын жанұядан және бәрін түсінеді. Ешқандай қиындық жоқ, солай бола берсін деп тілеймін. Қазір мен жиында жүрмін, бірақ әрқашан байланысып отырамыз.

– Футболшылар үйленген соң, келесі жылы «жоғалып» кетеді деп айтады. Осындайдан қорықпайсың ба? Жалпы, ырымдарға сенесің бе?

– Ырымдарға сенбеймін, тек жұмысқа және өзіме ғана сенемін. Ең бастысы жұмыс жасау, өз ісің үшін барыңды беру. Қашан да футбол бірінші орында болу қажет, сол кезде бәріне де қол жеткізесің.

– Қаңтар бойы команданы жаңа бапкер жаттықтырып жүр, оның басшылық жұмысына қандай пікір айта аласың?

– Бәрі орнымен. Александр Генрихович футболшыларға өте көп уақытын бөледі, ашық бапкер, қашан да бізбен сөйлесіп жүреді, кей жерде кеңес беріп, түсіндіреді. Онымен жұмыс жасау тамаша, алдағы да уақытта да солай болады деп ойлаймын.

– Жиындағы алғашқы матчта тең түстіңдер, өз ойыныңа қандай баға бере аласың?

– Бапкер мақтады. Сараптап, өз қателерімізді қарайтын боламыз, бірақ бапкер ойынның ауыр болатынын ескерткен болатын. Мінеміздің бар екенін айтты. Жеңіске жете алмағанымыз өкінішті. Менің ойыным... жақсы ойнаған кездерім болды, мысалы, Кубоктың финалы, бірақ төрттік баға қояр едім өзіме.

– Қарсылас туралы не айта аласың?

– Неміс командасы осындай деңгейде болатынын күткенмін. Олар жақсы команда, бірақ біз маусымда болғанда қиындықсыз жеңер едік.

– Сені қашан да түрлі командаларға ауысады деп жатады, әсіресе украиналық клубтар туралы әңгімелер көп айтылып жүр. Қалай ойлайсың, сенің болашағыңды неліктен украиналық командалармен байланыстырады?

– Шынымды айтсам, білмеймін. ТМД-ның басқа да командалары бар деген, бірақ оған ешқандай мән бермеймін – менің барлық ойым «Қайратта». Мен өз командаммен жаттығу жасап, маусымға дайындалып жатырмын, биыл чемпиондыққа қол жеткіземіз деп үміттенемін.

– Жаңа маусымда алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

– Маңыздысы – ойнау, барлық матчта ойнап, өз командама көмектескім келеді. Негізгі команадада гол соқсам деймін. Біздің бір ғана мақсатымыз бар – әр матчта жеңіске жету, чемпионат пен Кубокты жеңіп алуымыз қажет. Тек жоғары мақсаттар ғана бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или