Әлібек Нұртаев «Ордабасы» командасының дайындығымен танысты

Әлібек Нұртаев «Ордабасы» командасының дайындығымен танысты

Түркияда жаңа маусымға арнап оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатқан «Ордабасы» командасының дайындығымен жақын танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев Анталья қаласына ұшып келді.

Бұл туралы baq.kz сайты хабарлады. Жанкүйер қауымы жақсы біледі «Ордабасы» командасын қаржыландыру облыстық басқарма арқылы жүргізіледі.Сондықтанда клубтағы болып жатқан әрбір өзгеріс басқарманың тікелей араласуымен жүзеге асатыны белгілі.Өткен жылдары клубта есепте бар, бірақ алаңда жоқ бірқатар футболшылар пайда болған болатын.Осындай олқылықтың орнын болдырмау үшін Әлібек Нұрбайұлы «Ордабасы» командасының қаржылық шығындары мен құрамаға алынатын шет елдік футболшылармен жасалатын келісім-шарттарды қатаң бақылауға алатын болады. «Ордабасының» ертеңгілік жаттығуына қатысқан басқарма басшысы,клуб президенті Юрий Бондаренкомен футболшылардың жұмыстарымен жақын танысты. Команданың бас бапкері Бақтияр Байсейтов оқу-жаттығу жиынында сынақтан өтіп жатқан әрбір футболшының мүмкіндігін саралады.Облыс спортының басшысы құрама сапында жаттығып жатқан футболшыларға сәттілік тіледі.

- «Ордабасы» командасының алдында биылғы жылы биік мақсаттар тұр.Оны орындау үшін командаға барлық жағдай жасалатын болады.Ең бастысы футболшылар облыс жанкүйерлері алдындағы жауапкершілікті сезініп,намыс жолында аянбай тер төгіп биік мақсаттарды бағындыруы керек.Ел үміт етіп отырған «Ордабасы» командасы биылғы маусымды сәтті өткізеді деген ойдамыз,- деді Әлібек Нұртаев.

Клуб президенті Юрий Бондаренко кездесу барысында бірқатар футболшылармен келіссөздер жүргізіліп,құрама сапына қабылданатын жаңа футболшылармен келісім-шарттар түзілетінін атап өтті. Оқу-жаттығу жиынына бір кезде «Ордабасының» намысын қорғаған бұл күндегі «Атырау» клубының орталық қорғаушысы сенегалдық Абдуллай Диакате келіп қосылды. Жанкүйерлердің жүрегіне жол тапқан қайсарда, еңбекқор Диакатені құрама сапынан көріп қалуымыз әбден мүмкін.Енді оған бас бапкердің сынағынан өту үшін біраз тер төгуге тура келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или