«Real Madrid Foundation» бапкерлері алматылық балаларды жаттықтырады

«Real Madrid Foundation» бапкерлері алматылық балаларды жаттықтырады

23 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қазақстанда «Real Madrid Foundation» қорының бапкерлері 6 жастан 17 жасқа дейінгі ұл-қыздар үшін оқыту курстарын өткізеді.

Футбол ойынының қыр-сырын үйренуге мүмкіндік беретін курстарды «Real Madrid Foundation» мен Мадрид Бапкерлер академиясының жаттықтырушылары ұйымдастырады. Курс 5 күннен екі лекпен өтеді. Қатысушылардың жасы мен дайындық деңгейіне қарай бір сабақтың ұзақтығы – 1,5-тен 2 сағатқа дейін. Шетелдік бапкерлерден сабақ аламын деген оқушылар үшін «Мирас» халықаралық мектебінің есігі ашық. Айта кетсек, аталған білім ордасы жобаның серіктесі атанып отыр. Ұйымдастырушылар курсқа 300 бала шақырылғанын мәлімдеді.

Бұған қоса Қазақстанда курс ұйымдастырушы – Sport Events Management интернат пен балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан оқушыларға 10 тегін орын ұсынбақ. Курс 23-27 наурыз және 30 наурыз-3 сәуір аралығында өтеді.

Соңғы жылдары Real Madrid Foundation қорының футбол курстары Жер шарының барлық дерлік құрлығында, атап айтсақ, АҚШ, Канада, Еуропа елдері мен Жапония, Қытайда зор табыспен өтті. Енді міне, футбол әлемінің майталмандары Қазақстанға да ат басын бұрып отыр. Бұл тек біздің мемлекет үшін ғана емес, бүтін ТМД үшін де айтулы оқиға.

«Real Madrid Foundation клуб құндылықтарын спорт пен білім арқылы ілгерілетуге ұмтылады. Біздің міндетіміз – ертеңгі күннің тізгінін ұстар жастардың бойына жауапкершілік, парыз, ауызбіршілік секілді асыл қасиеттерді сіңіру. Себебі бұл қасиеттерсіз өмірде жетістікке жетіп, көкте самғау мүмкін емес», - дейді Real Madrid институционалды қарым-қатынастар жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньо.

Аталған жоба жасыл алаңға енді шыққан футболшылардың шеберлігін шыңдауға, саламатты өмір салтын насихаттау мен футбол спортына қызығушылықты оятуға бағытталған.

bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или