Сейілда Байшақов: «Болашақ - жас ұрпаққа тиесілі»

Сейілда Байшақов: «Болашақ - жас ұрпаққа тиесілі»

Қазақстан футболы үшін 2016 жылдың қаңтары аса белсенді өтуде. Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогына қатысуда. Ал, 26 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы балалар және жасөспірімдер футболының мәселесіне арналған конференция ұйымдастырмақ.

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында осы сұрақтардың төңірегінде әңгімелеп берді.

- Жанкүйерлердің барлығы Молдова мен Беларусь құрамаларымен өткен ойында біздің футболшылардан жеңіс күткені анық, - дейді Сейілда Икрамұлы. - Аға жаттықтырушы қызметіне Серік Әбдуәлиевтің енді кіріскенін айта кету керек. 31 қаңтар күні ол жаңа қзыметке тағайындалды. Ал, 5 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында оқу жаттығу жиыны басталды. Әбдуәлиев ұзақ жылдар бойы жастармен жұмыс істеді. Сол себепті жас футболшылармен жетістікке жетіп, жақсы нәтиже көрсете алады деп ойлаймын. Әзірге оған уақыт беру қажет.

- Қазақстан жасөспірімдер құрамасын отандық маман Ойрат Сәдуов жаттықтырады. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы мен жастар құрамасын қазақстандық бапкерлер дайындайды. Жергілікті бапкерлерге құраман тізгінін ұстату қаншалықты дұрыс шешім?

- Біздің құрамалардың өзге елдің жаттықтырушыларымен жұмыс тәжірибесі болды. Сол уақыта қабылдаған шешім өзін ақтады деп санаймын. Украиндық маман Фролов шәкірттері Президент Кубогын ұтып алды. Ал, жастармен жұмыс істеген литвалық Ширмялис УЕФА аясында үздік нәтижеге қол жеткізді. Ал, биыл қазақстандық бапкерлерге мүмкіндік беретін уақыт келді. Оң нәтиже көрсетеді деп сенемін.

- 26 қаңтар күні Алматыда балалар және жасөспірімдер футболының мәселелеріне арналған конференция өтеді. Бұл шара қандай пайда әкеледі?

- Болашақ - жас ұрпаққа тиесілі. Футболдың іргетасы - балалар мен жасөспірімдер футболы. Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі оны жақсы түсінеді. Сол себепті ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов жанкүйерлермен, журналистермен кездесуде инфрақұрылымды дамытуды алға қояды. Яғни, манеж құрылысы және балалар мен жасөспірімдер футболы. Конференцияға Премьер-Лига мен Бірінші Лиганың барлық клубтарының жетекшілері қатысады. Сонымен қатар, қазақ футболының ардагерлері, жастар футболын дамыту бағдарламаларының жетекшісі, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, «Жас Қыран» лигасының қатысушылары келеді. Балалар мен жасөспірімдер футболының өзекті мәселелері талқыланады, сонымен қатар Қазақстандағы нөмірі бірінші спортты дамыту сұрақтарының шешімі қарастырылады. Бұл шешімдер Қазақстан Республикасында 2016-2022 жылдары футболды дамыту бағдарламасында жазылады.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или