Дмитрий Шомко: «Ресей мен Германия клубтарынан ұсыныстар келді»

Елордалық «Астана» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Ресей, Германия біріншілігінде өнер көрсететін клубтар тарапынан ұсыныс түскендігін растады.

- Маусым аяқтала салысымен Cізді шет елге кетеді деген сыбыс шықты. Тіпті, Ресей, Германия біріншілігінде өнер көрсететін клубтарға ауысады деген әңгіме бар. Қазір қайдасыз? Алдағы уақытта қай клубта өнер көрсететін боласыз? Осы сұрақтарға өзіңіз нүкте қойсаңыз.

- Мен бұл сұраққа нүкте қоя алмайтын секілдімін. Өйткені, дәл қазір келер маусымда қай клубтың сапында ойнайтынымды әлі білмеймін. Оны агенттерім шешіп жатыр. Қазір “Астана” клубымен БАӘ-де жаттығу жасап жүрмін. 2015 жылдың соңында менің елордалық ұжыммен келісім-шартым аяқталған. Рас, Ресей, Германия біріншілігінде өнер көрсететін клубтар тарапынан ұсыныс түсті. Бірақ, нақты ештеме шешілмеді. Ақпан айына дейін қайда өнер көрсететінім белгілі болып қалар, - дейді Шомко kazfootball.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или