Ислам Бозбаев ұлттық құрамадан қуылды

Талантты дзюдошы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Ислам Бозбаев алдағы Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. Бапкерлер Астанадағы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткен соң, жаттығуға атүсті қараған балуанды екі жылға спорттан шеттеткен.

“Әлем чемпионатындағы жеңілістен соң спорттық режимді бұзған Бозбаев командалық сынға қатыса алған жоқ. Осыдан соң, бапкерлер құрамы Исламды екі жылға құрамадан шеттетті”, – дейді дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков.

Еске сала кетейік, Ислам Бозбаев осыдан екі жыл бұрын аяғына тиген оқтан жарақат алып, спорттан біраз уақытқа қол үзіп қалған болатын. Алайда, бір жылдық үзілістен соң спортшы татамиге қайта оралып, бірнеше турнирде жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или