Твумаси «Вольфсбургке» қаншалықты қажет

Футболдан Қазақстан біріншілігіне келіп, артынша бірден еуропалық топ-чемпионатқа ауысып кеткен футболшыны білесіз бе? Жоқ. Әзірге біздің футболымызға мұндай бақыт бұйырмай тұр. Сондықтан, жақында италиялық БАҚ өкілдері таратқат ақпарат қазақстандық жанкүйерлердің еріксіз назарын аудартты – елордалық «Астананың» ганалық шабуылшысы Патрик Твумаси Бундеслигадағы жетекші клубтардың бірі «Вольфсбургке» ауысуы мүмкін.

Әрине, бұл әзірше бейресми ақпарат қана. Твумаси де, германиялық клуб та бұл жаңалықты ресми растаған жоқ. Бірақ мұндай ақпаратты италиялық беделді Sky Sports басылымының трансферлік ауысымдарға жауап беретін журналисі Джанлука Ди Марцио мәлім етті.

Ең алдымен, 21 жастағы Патриктің Қазақстан чемпионатына келгенге дейінгі тарихына бір тоқталып өтсек. Ганалық футболшы еуропалық мансабын 2012 жылы латвиялық «Спартак» клубында бастаған. Бірақ сол кезде 18-де болған Твумаси клубтың екінші командасында ойнап, артынша біздің «Астана» мен ресейлік «Амкарға» жалға берілді. Расын айтқанда, Патрик Қазақстан чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Мысалы, «Астанаға» алғаш келген жылы, яғни 2013 жылы ол 11 матчқа қатысып, 6 гол соққан. Ал келесі жылы Твумаси алаңға 17 рет шығып, қанжығасын 10 мәрте майлады. Былтырғы маусымда да Твумаси елордалық клубқа пайдасын аз тигізген жоқ: Қазақстан чемпионатының 28 ойынында 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал Қазақстан кубогында 5 матч өткізіп, 6 голдың авторы атанды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының іріктеу және негізгі кезеңін қосқанда 6 матчта ойнап, төрт гол соқты. Твумаси еурокубокта іріктеуде 2, негізгі кезеңде 4 матчқа қатыса алмағанын ескерсек, бұл өте тамаша көрсеткіш.

Мұндай нәтижемен еуропалық беделді біріншіліктерге ауысуға болады емес пе? Бұл тұста айта кетерлік бір жайт бар. «Вольфсбург» өз құрамындағы кадрлық қиындықтарға байланысты жедел түрде футболшылар іздеуде. Немістің басылымдарына сүйенсек, «қасқырларға» шабуыл шебінде ойыншылар жетіспей жатыр. Даниялық Николас Бендтнер жақын арада команда сабынан кетеді, ал германиялықтардың негізгі шабуылшысы Бас Дост жарақат алып, 6-8 апта бойы алаңға шыға алмайды. Сондықтан Твумаси секілді шабуылышылар «Вольфсбургке» ауадай қажет.

Вольфсбургтік команда Патриктен бөлек басқа да кандидатураларды қарастырған. Бірақ швейцариялық 18 жасар Брель Эмбола неміс мамандарының көңілінен шықпаса, «Ювентус» ойыншысы Симоне Дзадза үшін туриндік клуб көп қаражат сұрап отыр – 35 миллион еуро. «Лионның» шабуылшысы Александр Ляказетт болса, Бундеслигадан көрі, ағылшын Премьер-лигасында ойнауды жөн санайды. Сондықтан, Патрик Твумаси «Вольфсбург» үшін жақсы таңдау болар еді. Ганалық футболшының трансферлік құны – 900 мың еуро, жасы, бар болғаны, 21-де, сонымен қатар, Чемпиондар лигасында тәжірибесі бар.

Бұл біздің болжам. Твумаси мансабын нақты қайда жалғастыратыны белгісіз. Бірақ жақын арада «Астананың» шабуылшысын топ-чемпионаттардың бірінен көріп қалуымыз әбден мүмкін. Қайткен күнде де, ресми ақпаратты алдымен көзіміз шалсын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или