Асылбек Жүнтербаев: «Атырауда» жоғары жалақы алатын футболшылар ешқашан ойнамады»

Асылбек Жүнтербаев: «Атырауда» жоғары жалақы алатын футболшылар ешқашан ойнамады»

«Атырау» футбол клубының директоры Асылбек Жүнтербаев Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сұхбат беріп, алдағы тұрған мақсаттары туралы және болашақ маусым жайлы айтып берді.

-Асылбек Сауырбайұлы, командада жаңадан келген футболшылар бар. Олар кімдер? Қазір «Атырау» Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде, ал келесі жиын қайда өтпек?

- Әуелі қазақстандықтардан бастайық. Қазір командаға Алдан Балтаев, Валерий Коробкин, Павел Шабалин, Алексей Мулдаров және Ұлан Қонысбаев секілді ойыншылар келді. Легионерлер туралы айтсақ, Владимир Аржанов және Стефан Эссаме «Атырауда» қалды. Келесі жиын да Түркияда, ақпан айында өтеді. Келесі маусымға мақсат әлі қойылмаған, себебі біз жаңа ғана демалыстан шығып, оқу-жаттығу жиынын бастадық. Командаға футболшылармен келісім-шартқа отыру үшін уақыт керек. Бірақ та, «Атырау» әрқашан да жоғары орындар үшін таласты.

- Командада енді қорғаушы Майкл Одибе өнер көрсетпейді. Оның кеткені команда үшін қаншалықты шығын?

- Өткен маусымда ол қосалқы құрамда жиі болған. Бірінші жылы оның ойынын жаңа командаға үйреніп жатыр, деп түсіндіре алар едік. Дәл қазір осындай деңгейлі футболшы қосалқы құрамда отырмауы тиіс, сондықтан екі жақты келісім-шартты үздік.

- Антон Чичулин де командадан кетті.

- Өкінішке орай, ол «Оқжетпесте» өнерін жалғастырмақ.

- БАҚ «Атыраудан» қақпашы Жасұр Нарзықұлов та кетеді, деп жиі жазған. Ол командада қала ма?

- Иә, ол жоғары деңгейлі футболшы, сондықтан Жасұр үшін көп күрестік.

- Жас қорғаушы Берік Айтбаев «Атырау» сапынан ұлттық құрамаға жиі шақырылды. Жаңа маусымда ол командада өнер көрсетпейтін сияқты.

- Иә, шынында да Беріктің болашағы зор. Ол өзінің командада қалуы туралы бапкерлермен сөйлескен. Сол әңгімеге мен араласпадым. Мүмкін ол үйінде, Таразда ойнағысы келген. «Атырауға» Берікті Никитенконың өзі шақырған, ал осы жылы неге командада қалмады – осыны білмеймін.

- Экономикалық дағдарыс командаға әсерін тигізді ме?

- Біздің бюджетіміз ешқашан да үлкен болған емес. Командада жоғары жалақы алатын футболшылар ойнамады. Осыған қарамастан жақсы нәтижелерге жетуге тырыстық. Оның барлығы командалық ойынның арқасында.

- Чемпионатты «Атырау» тағы да «Судоремонтникте» бастай ма?

- Әзірше иә. Наурыз айында бір ойынды ойнамақпыз, сәуірде ең көбі үш матч. Содан кейін жөндеу жұмыстарын бастаймыз деген жоспарымыз бар. Стадионның мінбесін үш мыңға дейін ұлғайтамыз және алаңға жылыту жүйесін еңгіземіз. Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады.

- Ұпайларды бөлмеу шешімі туралы не ойлайсыз?

- «Атырау» секілді командалар үшін ұпайларды бөлу өте қолайлы. Себебі үздікті алты командалардың қатарына біз бесінші немесе алтыншы орыннан кіреміз. Сосын медаль үшін күресу мүмкіндігіміз пайда болады. Осы мүмкіндікті пайдаланамыз ба, әлде жоқ па – басқа мәселе. Түрткілеу үшін күресетін клубтарға да ұпайларды бөлу ыңғайлы болып тұр. Кім біледі, мүмкін керісінше болғанда, Премьер-лигадан «Қайсар» емес, басқа команда кетер еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или