Александр Кузнецов: «Сын түзелмей, мін түзелмейді»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов дайындық кезеңі мен балалар және жасөспірімдер футболының мәселелеріне арналған конференция туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне әңгімелеп берді.

- Алматыда футбол жанашырлары осы кездесуді күтіп отыр. Конференцияда айтылатын бірнеше мәселелер бар. Сол себепті дұрыс қорытынды шығарылады, - деп ойлаймын, - дейді Александр Кузнецов. - Балалар және жасөспірімжер футбол мен инфрақұрылымды дамыту мәселесі кез келген ел үшін басым бағыт саналады. Жұмыс тобы құрылып, ортақ шешім қабылдануы тиіс. Алдағы жылдары атқарылатын жұмыстың бағытын айқындау керек. 26 қаңтар күні Алматыда өтетін шараның пайдасы мол. Жиында еліміздегі балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері көтеріледі. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Сын-ескертпелер нақты болуы тиіс.

- Қазақстан жасөспірімдер құрамасының алдағы жұмыс жоспарымен бөліссеңіз...

- 26 қаңтар күні Алматыда Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырып жатқан конференцияға қатысамыз. Алдағы уақытта Шымкент қаласына жиналамыз. Қазіргі уақытта Бразилияда оқып жатқан 2000 жылғы 25 футболшы келеді. Олар оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал, біздің міндет команданы күшейта алатын футболшыларды анықтап, жасөспірімдер құрамасының қатарына қабылдау. Кейін «Жастар» турнирінің барлық ойынын қарап шығамыз. Ойындар Шымкентте өтеді. Турнирге 2000 жылғы футболшылардан құралған командалар қатысады.

- Сіз бұл жастағы футболшылардың мүмкіндіктерімен таныссыз ба?

- Мен бұл жастағы футболшылардың мүмкіндіктерімен жақсы таныспын. Олардың ойынын көргенмін. Қазіргі уақытта кеңейтілген тізімде 79 футболшы бар. Олардың 25-і Бразилияда оқиды. Қалған 54-і кеңейтілген тізімге енген футболшылар. Іріктеу турнирінің басталуына аз уақыт қалды. Сол себепті бас бапкердің міндеті - селекцияны тиянақты жүргізу. Құрама жасақталған, енді кей позицияларды күшейту керек. Көптеген өзгерістер болмайды деп ойлаймын. Жасақталған құраманы жиі ойнату қажет. Алғашқы оқу-жаттығу жиынында балалардың психологиясына мән беріп, команда ішінде жақсы көңіл-күй қалыптастырамыз.

- Биыл құрама бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Оның ішінде Президент Кубогы бар. Кейін іріктеу турнирі басталады. Жасөспірімдер құрамасының алға қойған мақсаты қандай?

- Президент Кубогы - беделді турнир. Оның үстіне Қазақстанда өтеді. Біздің ойыншылар үшін үлкен тәжірибе. Президент Кубогы қазан айында басталатын іріктеу турниріне негізгі дайындық болмақ. Уақыт аз. Сол себепті дайындық жоспарын мұқият әзірлеп жатырмыз. Бірнеше оқу-жаттығу жиыны мен екі халықаралық турнир бар. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алға биік мақсаттар қояды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или